03 мамыр 2016 09:50

Головкин Альварестің дегеніне көнуі керек - Роберт Гарсия

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роберт Гарсия. © examiner.com Роберт Гарсия. © examiner.com

Белгілі тренер Роберт Гарсияның айтуынша, WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге WBC чемпионы Сауль "Канеломен" келісімге келіп, онымен 155 фунт салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуі қажет, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қалайша ол 155 фунт салмақ дәрежесіне дейін түспейді? Альварес онымен 160 фунт салмақта жекпе-жекке шығайын деп жатқан жоқ. Иә, Головкин белбеуді жекпе-жексіз-ақ алады, бірақ ол Альвареспен жекпе-жекке шықпайды және он миллион доллар табыс ала алмайды. Бұл - қыруар қаражат. Егер ол Мейвезер үшін бірінші орта салмақтағы жекпе-жекке дайын болғанда, неге онда ол Альвареспен жекпе-жекке дайын емес? Ол өзінің титулын қорғай алады, бірақ мансабындағы ең үлкен және табысты жекпе-жегінен айырылып қалады", - деп келтірді Гарсияның сөзін Boxingscene басылымы. Толығырық мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, Головкин WBC чемпионы титулына негізгі үміткерлердің бірі. Белбеудің иесі Альварес 7 мамырда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ ) ұлыбританиялық Әмір Ханмен жұдырықтасып, осы титулды қорғауы керек. Жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесуге міндеттеледі. Сонымен қатар, қазақстандық боксшының командасы 160 фунт салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуді сұрап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети