19 қазан 2015 | 10:14

Головкин аралық салмақта Котто-Альварес кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © boxingscene.com Геннадий Головкин. © boxingscene.com

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин орталық салмақта Котто-Альварес кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, 21 қарашада Мигель Котто (40-4, 33 KO) мен Сауль "Канело" Альварес (45-1-1, 32 КО) WBC белбеулеріне таласады.


Иконка комментария блок соц сети

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин орталық салмақта Котто-Альварес кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, 21 қарашада Мигель Котто (40-4, 33 KO) мен Сауль "Канело" Альварес (45-1-1, 32 КО) WBC белбеулеріне таласады.

Головкин канадалық боксшы Давид Лемьені мерзімінен бұрын жеңіп, WBC титулының міндетті үміткері болды. Ал Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Котто - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазын Головкинге қарсы бірінші кездесуді өткізуге міндетті. WBC белбеуі тігілетін титулдық жекпе-жек 155 фунт аралық салмақта өтеді. Алайда Альварес 155-тен жоғары салмақта, ал Котто орта салмақтағы толық лимит шеңберінде (160 фунт) жұдырықтасып көрмеген. Соңғы сұхбаттарында пуэрторикалық боксшы оның болашақ қарсыластарының аралық салмаққа төселу керектерін мәлімдеді.

Головкин Котто - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді қалайды, алайда оны аралық салмақта өткізудің мәні жоқ деп есептейді. "Мен 160 фунтта чемпионмын, - деді Головкин, оның сөзін BoxingScene.com басылымы келтірді. - Маған осы салмақта ыңғайлы. Аралық салмақта жұдырықтасудың не қажеті бар? Бизнес үшін бе, басқа үшін бе? Мен орта салмақтың боксшысы әрі әлем чемпионымын", - деді Головкин.

Сонымен қатар, бұған дейін промоутерлік Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді. "Ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Сауль онымен жұдырықтасуға дайын!", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети