"Головкин әрі дос, әрі батыр" - WBC президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Головкин әрі дос, әрі батыр" - WBC президенті © twitter.com/wbcmoro

WBC басшысы GGG мен Альварес арасындағы реванш ісінде қазақстандық боксшыны қолдайтынын жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBC басшысы GGG мен Альварес арасындағы реванш ісінде қазақстандық боксшыны қолдайтынын жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Геннадий Головкинмен дос екенін айтқан.

"Орта салмақта WBC чемпионы, менің қымбатты жақсы досым және батыр Геннадий Головкин", - деп жазды Сулейман Twitter желісінде жариялаған суретінің астына.  

Сонымен қатар, Сулейман Головкинді Сауль Альварестің шарттарымен келісуге шақырды.

"Головкинде WBC тарапынан және жеке өз тарапымнан толықтай қолдау бар. Өзінен сұрап көріңіздер", - деді ол.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті өткізуге қатысты келіссөздер тоқтап қалды. Себебі Головкин өз шартын қойып, табысты тең бөлуді ұсынды. Алайда "Канело" 35 пайызды ғана беруге дайын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети