Delcotimes.com сайтының редакторы әрі шолушысы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Головкин - Альварес жекпе-жегіне қатысты соңғы жаңалықтарға пікір білдірді.
Delcotimes.com сайтының редакторы әрі шолушысы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Головкин - Альварес жекпе-жегіне қатысты соңғы жаңалықтарға пікір білдірді.
"Канелоға" қатысты шешім сәуірде белгілі болады. Жекпе-жек өтпейтін болса, қатты шығынға батады. Головкин басқа қарсылас іздеуі тиіс. Қазіргі уақытта оған қарсылас болуға лайықты деп - Дэниэл Джейкобсты айтар едім. Эдди Хирн мен Том Леффлер бұрындары жұмыс істесіп көрді. Екі боксшының да НВО арнасымен келісімшарты бар. Боксшылардың қалпы да жақсы. Джейкобс бұл жекпе-жекке қуана келіседі деп ойлаймын", - деді Маккаферри.
Айта кетейік, 28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.
29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.
Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.
Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.