Головкин бір белбеуінен айырылуы мүмкін. Головкин мен Деревянченко келіссөздері қалай жүріп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин бір белбеуінен айырылуы мүмкін. Головкин мен Деревянченко келіссөздері қалай жүріп жатыр? © reviewjournal.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 33 КО) командасы мен украиналық Сергей Деревянченконың (12-0, 10 KO) өкілдері таяу уақытта кездесіп, IBF тұжырымы бойынша міндеттелген жекпе-жек мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды BoxingScene.com

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 33 КО) командасы мен украиналық Сергей Деревянченконың (12-0, 10 KO) өкілдері таяу уақытта кездесіп, IBF тұжырымы бойынша міндеттелген жекпе-жек мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды BoxingScene.com

Осыған дейін IBF ұйымы Головкинге белбеуді қорғайтын мерзімді 3 тамызға дейін айтуы тиіс деген шарт қойған еді. Олай болмаған жағдайда қазақстандық боксшы белбеуінен айырылады. 

GGG промоутері Том Леффлер ұйым өкілдерінен тағы біршама уақыт сұрауды көздеп отыр, себебі Головкин күзде Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жек өткізуді жоспарлаған.

Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне қатысты тыңдалым 22 мамырда жергілікті уақыт бойынша Нью-Джерси штатында Ньюарк қаласындағы қонақүйлердің бірінде өтеді. Украиналық боксшының промоутері Лу ДиБелла, менеджері Кит Коннолли, Деревянченконың өзі және адвокаты болады. Ал қазақстандық боксшы адвокатын және Леффлерді алып барады. 

Осыған дейін Деревянченко Головкиннің промоутерін алаяқ деп атап, қазақстандық боксшыдан өз міндетін орындауды талап ететінін айтқан. 

Осыған дейін, Головкин 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 КО) жекпе-жекке шығу үшін, яғни IBF тұжырымы бойынша міндеттелген қарсыласпен кейінірек кездесуі үшін 20 мың АҚШ долларын бергені айтылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети