Головкин биыл кемінде үш жекпе-жек өткізгісі келеді - Том Леффлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин биыл кемінде үш жекпе-жек өткізгісі келеді - Том Леффлер © Boxingscene.com

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының биыл кемінде үш жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының биыл кемінде үш жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалғасы

"Бұл оның жай ғана қалауы емес, ол маған және Абель Санческе осы жөнінде тікелей нұсқау берді, - деді Леффлер. - Головкин өз ісін жақсы көреді, сонымен қатар, ол біздің спорттағы ең белсенді чемпион".

"Ол туралы жаңалықтарда үнемі айтылып жатады. Адамдар оның соңғы нокауты немесе жақын арада не істейтіні жөнінде айтып жүреді. Бұл соңғы үш жылда оның бокстың шыңына көтерілуіне себеп болды", - деді промоутер.

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегін 23 сәуірде Лос-Анджелесте өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы америкалық Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) болмақ. Жекпе-жекке 15 мыңнан аса билет сатылып кетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети