Головкин - Брук жекпе-жегі жайлы 10 дерек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Брук жекпе-жегі жайлы 10 дерек © Reuters

Осы демалыста қыркүйек айындғы ең басты кездесу болмақ, онда орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин  (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы демалыста қыркүйек айындғы ең басты кездесу болмақ, онда орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин  (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Төменде Головкин - Брук жекпе-жегі жайлы 10 дерек:

1. Жекпе-жек қашан өтеді?

10 қыркүйекте Лондонда Астана уақытымен 23:00-де өтеді. 

2. Жекпе-жек қайда өтеді?

Головкин - Брук кездесуі 20 мың орындық О2 аренасында өтеді.

3. Қайдан көруге болады? 

Sky Box Office және Sky Box Office HD телеарналары тікелей эфирден көрсетеді (бізде Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді). 

4. Салмақ өлшеу рәсімі 

Жұма күні, 9 қыркүйекте.

5. Екеуінің осыған дейінгі кездесулері.

Боксшылар бірінші рет көзбе-көз кездеседі.

6. Бруктың соңғы бес жекпе-жегі

Кевинье Бизье (екінші кезеңде ТКО)
Фрэнки Гэвин (алтыншы кезеңде ТКО)
Ионуц Дан Ион (төртінші кезеңнен кейін жекпе-жектен бас тарту)
Шон Портер (12 кезеңнің қорытындысы бойынша төрешілердің дауысымен)
Альваро Роблес (сегізінші кезеңде ТКО);

7. Головкиннің соңғы бес жекпе-жегі.
Доминик Уэйд (екінші кезеңде КО)
Давид Лемье (сегізінші кезеңде ТКО)
Вилли Монро (алтыншы кезеңде ТКО)
Мартин Мюррей (11 кезеңде ТКО)
Марко Антонио Рубио (екінші кезеңде КО);

8. Бәске не тігіледі?

Головкин өзінің үш белбеуін қорғайтын болады - WBC, IBF және IBO, себебі WBA Брукпен кездесуге санкция бермеген. Ұлыбританиялық боксшының титулы бәске қойылмайды.

9. Головкин үшін жаңа жер

Геннадий Ұлыбританияда бірінші рет жұдырықтасады. Осыған дейін ол Германияда, Данияда, Панамада, Қазақстанда, Украинада, АҚШ-та және Монакода жекпе-жектерін өткізген.

10. Букмекерлердің бағасы

Бруктың жеңісіне 9/2 к

Тең аяқталуы 28/1 к

Головкинның жеңісіне 1/7 к

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети