Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин бізден қашып, әлсіз қарсыластарды таңдап жүр - Крис Юбенк

23 Тамыз 2016, 14:08
0
© prosportkz.kz
© prosportkz.kz

Ұлыбританиялық Крис Юбенктің айтуынша, әлі жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин өзінің ұлы кіші Крис Юбенкпен жұдырықтасудан қашып, жартылай орта салмақтағы Келл Брукпен кездесуге келісіп, жеңіл жолды таңдаған, - деп хабарлайды Boxingnewsresults.com.

"Менің ойымша, ол бізден үрейленіп қашып жүр, себебі өзіңнен екі саты төмен боксшымен қалай жұдырықтасуға болады. Бұл комикстер санатынан. Бұл шынайы болуы мүмкін емес. Оны әлемнің ең мықты боксшысы деп атайды. кіші Юбенк Ұлыбритания чемпионы, алайда олар өзінен 16 фунтқа жеңіл адамды тапты. Ол, сөзсіз, боксшылар арасында абыройын түсіріп алды. Ол өзіне әлсіз қарсыластарды таңдайды, бұл бокс әлемінде солай көрінеді", - деді үлкен Юбенк.

Еске салайық, Головкин және Юбенк жекпе-жегі болмауының себебі - ағылшынның промоутері кездесуді толық бақылауды талап еткен. Юбенкпен кездесудің орнына Хирн GGG командасына Брукпен кездесуге ұсыныс тастады. Енді 10 қыркүйекте Головкин Брукпен жұдырықтасатын болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай