Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады © Геннадий Головкин. Фото: vk.com/ggolovkin

Үш нұсқа бойынша әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш нұсқа бойынша әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Мен оралдым! DAZN-мен бірлесіп карьерамның жаңа бөлігін бастауға қуаныштымын және мұрамды баянды еткім келеді", - деп жазған Головкин Twitter желісіндегі ресми парақшасында.

Головкинның келісімшартқа қол қойғаны жайлы 8 наурызда жарияланды. Үшжылдық келісім барысында, ол алты жекпе-жекке шығып, оның ішінде жылына екі кездесуден өткізіп отырады. Оған қоса, DAZN-мен келісімшарт Головкинді үшінші жекпе-жек өткізуге алып келе жатыр және оның GGG Promotions компаниясы 2020 және 2021 жылдары төрт бокс кештерін өткізуге кепілдік береді.

Головкин рингке 8 немесе 16 маусымда оралуы мүмкін. Қарсыласының есімі әлі белгісіз. GGG қыркүйектен бері жекпе-жекке шықпаған. Соңғы жекпе-жектен кейін ол жеңіліс тауып, титулдарынан айырылған. 

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети