WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинның (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер боксшының биыл жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинның (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер боксшының биыл жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның айтуынша,WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) жүргізген келіссөздер ұзаққа созылып кеткен. Осыған байланысты жекпе-жек 2017 жылға қалдырылды. Айта кетейік, бастапқыда кездесу биыл 10 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған болатын.
"Головкин келесі жекпе-жегін Джейкобспен өткізеді", - деп келтіреді Леффлердың сөзін RingTV телеарнасы. - Геннадий заманауи бокстағы ең белсенді спортшы, сондықтан оған міндеттелген жекпе-жектер бойынша жүргізілетін келіссөздер ұзаққа созылуы мүмкін. 10 желтоқсанға дейін аз уақыт алды, сондықтан біз бұл жекпе-жекті 2017 жылға қалдырып отырмыз".
Ал Джейкобстың бапкері Андре Розье биыл спортшысының Головкинмен жекпе-жек өткізбейтінін жайлы мәліметті растады. Бапкер дайындалуға аз уақыт қалды деген себеппен кездесудің болмайтынын айтты. Оның айтуынша, Джейкобс әлі дайындалмаған да. Егер де жекпе-жек 10 желтоқсанда өтсе, дайындалуға алты апта уақыт қана қалады. Америкалық боксышының бапкері Джейкобстың мұндай кездесуге кем дегенде 10-12 апта дайындалғанынын қалайды екен.