WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) жекпе-жегінің алдында допинг тестілеуінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы ашық жаттығу кезінде қазақстандықтың бапкері Абель Санчес айтты. "Оны (Головкинді) бірнеше күн бұрын тексерген. Оған күш көптеген жаттығудан келеді", - деп мәлімдеді бапкер.
Головкин мен Уэйдтің ашық жаттығуы Лос-Анджелесте өтті. Боксшылар рингке Астана уақыты бойынша 24 сәуірде шығады. Тікелей эфирде жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы көрсетеді. Бокс кешінің трансляциясы Астана уақыты бойынша кешкі 07.20-да басталады.
Головкин WBA титулын осымен 16-шы рет, IBO титулын 13-ші рет, WBC (Interim) титулын төртінші рет және IBF титулын бірінші рет қорғап қалуға ниетті.