Головкин досым, бірақ қарымтада "Канело" жеңеді - атақты бапкер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин досым, бірақ қарымтада "Канело" жеңеді - атақты бапкер © Getty Images

Атақты америкалық бапкер Фредди Роуч Behind The Gloves басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен арадағы қарымта кездесуге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атақты америкалық бапкер Фредди Роуч Behind The Gloves басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен арадағы қарымта кездесуге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Қарымта кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

"Жекпе-жекті ұйымдастыру оңай болған жоқ. Бұл тамашалауға тұрарлық кездесу. "Канело" де, Головкин де бір-бірінен қорықпайды. Қарымтаны асыға күтіп келем, сұмдық болуы тиіс", - дейді Фредди Роуч.

Сондай-ақ, бапкер бұл кездесуде кімнің басым болатынын айтты.

"Головкин менің досым. Оны жақсы білемін, ұнайды. Дегенмен қазір жас әрі күш-қуаты бар боксшы "Канело" болып тұр, ал Головкин баяулап қалған. Алдыңғы жекпе-жекте оның аяқтары "Канелоның" қозғалысына ілесе алмады. "Канело" төрешілер шешімімен жеңеді деген ойдамын",- деді сұхбатында америкалық бапкер.

NYFights спорт сайтының журналисі Джон Гатлинг те осындай ойда. Оның сөзінше, Головкин бұл жекпе-жекте ойсырай жеңіледі.

Алайда екі салмақ дәрежесінде чемпион болған америкалық Тимоти Брэдли басқаша ой айтты. Брэдли қарымтада Альварестен ірі әрі күштірек Головкин жеңіске жетеді деген ойда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети