25 маусым 2022 | 11:41

"Головкин - екі түрлі адам". GGG "Канелоның" мәлімдемесіне жауап берді

© twitter.com/GGGBoxing

Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогия алдында баспасөз мәслихатына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогия алдында баспасөз мәслихатына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда "Канело" Головкин екі түрлі адам екенін мәлімдеді. 

"Ол: "Мен оған ештеңе айтпаймын, БАҚ-қа ештеңе айтпаймын" деді де, мен туралы көп нәрсе айтты. Мұны бәрі жақсы біледі. Енді рингке шығатын сәтті күтіп жүрмін. Головкин - екі түрлі адам. Алдымен ол өзін жақсы жігіт ретінде көрсетеді, содан кейін мен туралы әр нәрсе айтады. Еркек бол, айтқаныңды айт!" - деді "Канело" бірлескен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Головкин оның "еркек бол" деген мәлімдемесіне жауап берді. 

"Бұл мен үшін жеке мәселе деп ойламаймын. Біреуді жақсымын я жаманмын деп сендіргім келмейді. Мен қазір кім болсам, сол адаммын. Саған айтарым: мен бокстасуға шығамын. Мен үшін бұл жағдай басқаша көрінеді. Оның жеке реніші болса, бұл менің проблемам емес. Бұл оның тұжырымы. Мен оны қалай сендіре аламын?" - деді Головкин.

Еске салайық, екі боксшы баспасөз конференциясында бір минуттан астам бір-біріне жалтармай қарап, көз арбасты.

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная