11 тамыз 2015 10:15

Головкин Флойд Мейвезерді нокаутқа түсіреді - Абель Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © reddit.com Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © reddit.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес егер кездесу 2016 жылы өтетін болса шәкіртінің кіші Флойд Мейвезерді нокаутқа жіберетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес егер кездесу 2016 жылы өтетін болса шәкіртінің кіші Флойд Мейвезерді нокаутқа жіберетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Санчес кіші Мейвезердің Андре Бертоға қарсы жекпе-жектен кейін зейнеткерлікке шықпайтынына сенімді, айта кетейік, кездесу 12 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Оның ойынша, Мейвезер өзінің кәсіби мансабын жалғастыру үшін және 50-жеңісіне қол жеткізу үшін боксқа келесі жылы қайта оралады. Бапкердің сөзіне қарағанда, ағылшын боксшысы Головкинді қарсылас ретінде таңдаса, оны қазақстандық нокаутқа түсіреді.

"Менің ойымша, ол (Мейвезер) жұдырықтасуды жалғастырады. Мейвезер - бизнесмен, сондықтан оған бар болғаны мансабын аяқтап, рекордын сақтап қалу ғана керек болуы мүмкін емес, - деп келтірді Санчестің сөзін sportstalk200.com сайты. - Менің ойымша, ол қарсыластарын іздейді, егер біз солардың қатарында болсақ, Головкин айтқандай, ол оның арманындағы жекпе-жек болады. Егер ол кездесу өтсе, мынаған сөз бере аламын: жекпе-жек 2 мамырдағы кездесуді (Мейвезер Пакьяоны жеңген кездесу) қайталамайды және Головкин Мейвезерді нокаутқа түсіреді", - деді ол.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети