22 мамыр 2015 09:09

Головкин Фрочпен кездесуге дайын - промоутер

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Карл Фрочпен кездесу үшін Англияға баруға дайын. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер AllBoxing.Ru басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкиннің жеңістерінен кейін дәл қазіргі уақытта бұл Фроч үшін де, Головкин үшін де үлкен кездесу болар еді. Мен Эддиге (Карл Фрочтың промоутері) Англияға бара алатынымызды айттым. Әрі екінші орта салмақ дәрежесіне өту де проблема емес. Бұл жекпе-жекке HBO арнасы қызығушылық танытып отыр. Бұл керемет кездесу болар еді", - деді Леффлер.

Головкиннің промоутерінің айтуынша, қазір жоғары дәрежедегі жекпе-жектерден қаржы жақсы табуға болады. "Ол үшін жекпе-жекті футбол стадионында өткізу керек. Біз Эдди Хирнмен бірге осы мәселені талқылауымыз керек", - деді ол.

Осыған дейін екінші орта салмақ дәрежесінде чемпион атанған 37 жастағы Фроч Головкинмен кездесу өткізетіні туралы айтқан болатын. "Егер мен онымен кездессем, Головкиндегі бар нәрсені тартып аламын", - деді ол.

Головкин рингке енді қыркүйекте шығады. Дегенмен оның қарсыласы әзірше белгісіз. Лос-Анджелесте 17 мамырда өткен кездесуде Головкин америкалық Вилли Монро кішіні нокаутпен жеңді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети