Головкин Instagram парақшасында қазақстандықтарға қолдауы үшін алғыс білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Instagram парақшасында қазақстандықтарға қолдауы үшін алғыс білдірді © Тұрар Қазанғапов

Гкеннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында Стив Роллспен өткен жекпе-жегінде қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гкеннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында Стив Роллспен өткен жекпе-жегінде қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

28 мамырда ERG Kazakhstan қарағандылық кеншілері атақты жерлестерін қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Флешмобқа 300 жұмысшы қатысты. Бұл үшін арнайы жарылыс ұйымдастырылды. Оның аумағы 900 шаршы метр болды. 12 тонна жарылғыш зат пайдаланылды, жарылған тау-кен массасының көлемі - 97 мың текше метр.

Содан кейін #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хештегтерімен флешмобқа көптеген қазақстандық қосылды. Сондай-ақ, флешмобқа қатысушылардың кейбірі Геннадий Головкиннің Instagram желісіндегі сториске шығып отырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????????????????????????? @???????????????????????????????????????????? (@artbota)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ATYRAÝ FÝTBOL KOMANDASY (@fc_atyrau)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Нуртой" Kазахстан Павлодар (@nurtoy26)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вадим Тен (@tvadim11)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Футбольный центр (@jasqyranfc)

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Compubox жүйесінің мәліметіне сүйенсек, төрт раундта Головкин 223 соққы жасаған. Оның 62-сі дәл тиген (28 пайыз). Головкин жұмсаған 108 джеб соққысының 14-і дәл тиген (13 пайыз). Сонымен қатар, қазақстандық боксшы 104 ауыр соққы жасаған. Оның 48-і дәл болған.

Ал Роллс қарсыласына қарағанда әлдеқайда аз соққы жасаған. Оның 175 соққысының 38-і дәл тиген (22 пайыз). Стив жұмсаған 71 джеб соққының 13-і дәл болған (18 пайыз). Сондай-ақ канадалық боксшының 104 ауыр соққысының 25-і дәл тиген (24 пайыз). 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети