ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2019 | 11:02
Головкин жаңа телесеріктеске қатысты келіссөздер жүргізді
Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа телесеріктеске қатысты келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа телесеріктеске қатысты келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
The Ring пен FOX Sports журналисі Майк Коппинджердің айтуынша, Головкин Matchroom промоутерлік компаниясының басшылары Эдди Хирн мен Джон Скиппермен кездесті. Айта кетейік, Джон Скиппер - Perform Group-тың атқарушы директоры және DAZN стримингтік сервердің қожайыны.
2018 жылы Хирн DAZN компаниясымен миллиард долларға 8 жылға келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша ол жылына 32 жекпе-жек кешін өткізуі керек. Айта кетейік, промоутерде тағы бір қазақстандық бар, ол Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО), Елеусінов Matchroom-ның атынан алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын.
"Тағы бір мәлімет бойынша, Хирн мен Скиппер Головкинмен Лос-Анджелесте таңғы уақытта кездесуі керек. Хирннің ойынша, ол Головкинмен келісімге келетініне сенімді. Себебі оның ұсынысы бойынша Головкинді екі жекпе-жек үшін сегіз таңбалы сыйақы күтіп тұр" - деді Коппинджер.
Тағы ескеретін жайт, келіссөзде Головкиннің промоутері Том Леффлер болмаған. "Келеңсіз жағдайлар болмаса, GGG мен Хирн DAZN-мен келісімге келуге өте жақын" - деді Коппинджер.
Sources: Eddie Hearn and John Skipper meeting with Gennady Golovkin this morning in Los Angeles. Hearn feels he’ll be able to finalize terms with GGG to bring him exclusively to DAZN. Belief is it’s a two-fight offer worth eight figures per bout
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) 30 января 2019 г.Barring an unforeseen stumbling block in talks between GGG and Hearn/DAZN, it appears deal will get done https://t.co/3aVupFTVpZ
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) 30 января 2019 г.Осыдан кейін Головкин Premier Boxing Champions (PBC) өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Олар Showtime и FOX телеарналарында бокс кештерін өткізген еді.
"Тағы бір мәлімет бойынша, Головкин PBC өкілдерімен де кездесу жүргізіп жатыр. Головкин бүгін Хирн және Скиппером кездесті. GGG-ға талас аяқталуға жақын", - деді Коппинджер.
Sources: GGG now meeting with officials from PBC. Golovkin met with Eddie Hearn and John Skipper earlier today. Pursuit of GGG seems to be reaching the final stages
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) 30 января 2019 г.Айта кетейік, 2012 жылдан бері Головкин HBO телеарнасында өнер көрсеткен. Бірақ телеарна 2018 жылдан бастап боксті көрсетуден бас тартты. Осы келісімшарт бойынша GGG соңғы кездесуін Сауль Альвареске (51-1-2, 35 КО) қарсы өткізді. Қазақстандық бұл жекпе-жекте жеңіліс тауып, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылып қалған еді. DAZN және PBC-тен бөлек, Головкинге ESPN телеарнасы да ұсыныс жасап жатыр.
DAZN өзінің қарамағына Альваресті алған. Келісімшарт бес жылға - 365 миллион доллар. Одан бөлек тағы да екі боксшымен келісімшартқа отырды - WBO титулының иелері Деметриус Андраде (26-0, 16 КО) және Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО).
Показать комментарии
Читайте также