31 қаңтар 2019 11:02

Головкин жаңа телесеріктеске қатысты келіссөздер жүргізді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Las-Vegas Review © Las-Vegas Review

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа телесеріктеске қатысты келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа телесеріктеске қатысты келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Vesti.kz

The Ring пен FOX Sports журналисі Майк Коппинджердің айтуынша, Головкин Matchroom промоутерлік компаниясының басшылары Эдди Хирн мен Джон Скиппермен кездесті. Айта кетейік, Джон Скиппер - Perform Group-тың атқарушы директоры және DAZN стримингтік сервердің қожайыны.

2018 жылы Хирн DAZN компаниясымен миллиард долларға 8 жылға келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша ол жылына 32 жекпе-жек кешін өткізуі керек. Айта кетейік, промоутерде тағы бір қазақстандық бар, ол Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО), Елеусінов Matchroom-ның атынан алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын.

"Тағы бір мәлімет бойынша, Хирн мен Скиппер Головкинмен Лос-Анджелесте таңғы уақытта кездесуі керек. Хирннің ойынша, ол Головкинмен келісімге келетініне сенімді. Себебі оның ұсынысы бойынша Головкинді екі жекпе-жек үшін сегіз таңбалы сыйақы күтіп тұр" - деді Коппинджер.

Тағы ескеретін жайт, келіссөзде Головкиннің промоутері Том Леффлер болмаған. "Келеңсіз жағдайлар болмаса, GGG мен Хирн DAZN-мен келісімге келуге өте жақын" - деді Коппинджер.

Осыдан кейін Головкин Premier Boxing Champions (PBC) өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Олар Showtime и FOX телеарналарында бокс кештерін өткізген еді.

"Тағы бір мәлімет бойынша, Головкин PBC өкілдерімен де кездесу жүргізіп жатыр. Головкин бүгін Хирн және Скиппером кездесті. GGG-ға талас аяқталуға жақын", - деді Коппинджер.

Айта кетейік, 2012 жылдан бері Головкин HBO телеарнасында өнер көрсеткен. Бірақ телеарна 2018 жылдан бастап боксті көрсетуден бас тартты. Осы келісімшарт бойынша GGG соңғы кездесуін Сауль Альвареске (51-1-2, 35 КО) қарсы өткізді. Қазақстандық бұл жекпе-жекте жеңіліс тауып, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылып қалған еді. DAZN және PBC-тен бөлек, Головкинге ESPN телеарнасы да ұсыныс жасап жатыр.

DAZN өзінің қарамағына Альваресті алған. Келісімшарт бес жылға - 365 миллион доллар. Одан бөлек тағы да екі боксшымен келісімшартқа отырды - WBO титулының иелері Деметриус Андраде (26-0, 16 КО) және Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети