Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жекте жұртты таңғалдыруға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жұрт мені қарапайым нокаутшы деп ойлайды. Бірақ мен әуесқой боксқа негізделгенмін, мен дұрыс соққы жасауды және өзіме соққы өткізбеуді үйренгенмін. Головкинмен өткізетін жекпе-жек мен үшін өте маңызды, себебі адамдар менің бар қасиетімді әлі де көрген жоқ", - дем мәлімдеді америкалық.
Сондай-ақ, ол жекпе-жек нокаутпен аяқталады деп болжаған жұртқа жауап берді. "Мұны жылдам нокаут болады деп күткен жұртты таңғалдырамын. Жұртқа паш ете алатын ішкі төзімділігім бар. Мен үшін өте әсерлі сәт. Мұндай сәттің туғаны мен үшін шын мәнінде жетістік", - деді Джейкобс Fighthype.com басылымына берген сұхбатында.
Осыған дейін боксшы Головкиннің алдыңғы қарсыластары жасаған қатені жібермейтінін мәлімдеген. Сондай-ақ, ол GGG-ге қарағанда қандай басымдықтарының барын атап берген еді.
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.