Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин маусымдағы жекпе-жегіне қарсылас іздеп жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин маусымдағы жекпе-жегіне қарсылас іздеп жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Шолушы Дэн Рафаэльдің мәліметі бойынша, Головкин екі боксшыға жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасаған. Олар - әлі жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10 КО) пен Францияның атынан шығатын камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикам (37-3, 21 КО). Франция өкілінде қазір WBS Silver титулы бар, бұрын WBO және WBА чемпионы болған еді.
35 жастағы Н'Жикам бокс жанкүйерлері арасында бұрыннан танымал. Ал 34 жастағы Роллс 2018 жылдың желтоқсанында ғана алғаш рет 10 раундтық жекпе-жек өткізді. Канадалық боксшы сол кезде USBA тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы атанған еді.
Рафаэльдің ақпаратына сүйенсек, Головкин 164 фунтқа дейінгі салмақта жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Бұған дейін ол орта салмақта (160 фунт) өнер көрсеткен болатын.