Бұрындары "Астана арландарын" жаттықтырған белгілі украиналық бапкер Сергей Корчинский Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді.

- Сергей Анатольевич, Головкин-Альварес жекпе-жегінің тактикалық көрінісі туралы бұрын айтқансыз. Сіздің ойыңызша жекпе-жек нокаутпен әлде ұпай санымен аяқталады ма?
- Головкин ұтар болса, ол жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтайды. Егер жеңіс Альвареске бұйырса, ұпаймен.
- Сіздің ойыңызша, Альваресті жеңіске әкелуі мүмкін артықшылығы қандай және Головкин мұнымен қалай күресу керек?
- Альварес жас және өз-өзіне жылдам келеді. Алайда ринг төрін иемдене алса, Головкин жекпе-жекті басқаратын болады. Бұл кұш-қуатты дұрыс жұмсауға септігін тигізеді.
Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген. Кездесу орта салмақта (160 фунтта) өтеді. Енді жекпе-жектің өтетін орнын таңдау ғана қалды.