Қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин мен Қанат Исламның жекпе-жектеріне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. БАҚ-та жазылған ақпаратқа қарағанда, Головкиннің 22 мамырға жоспарланған бірінші орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы мексикалық Хайме Мунгияға қарсы жекпе-жегі болмайтын сияқты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Boxing Media Uk бұл күні ұлыбританиялық Джош Тейлор мен мексикалық Хосе Рамирес шаршы алаңға шығатынын жазды. Головкин Жапонияда WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен кездесуі мүмкін, ал Мунгия Қанат Исламмен жұдырықтасуы ықтимал.
Еске салайық, бұған дейін Golden Boy Promotions компаниясының промоутері Эрик Гомес пен Zanfer Promotions компаниясының өкілі Фернандо Бельтран Головкин командасымен ресми келіссөздер әлі болмағанын хабарлаған еді, алайда DAZN стриминг сервисін қоса алғанда, барлық қатысушы тарап олардың жекпе-жегіне аса қызығушылық танытып отыр. Алайда кездесу әртүрлі себептермен өспей қалса, сәуірде Мунгияға қосалқы нұсқа ретінде Исламмен жекпе-жекке шығуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!