GGG – Канело кездесуінің ең арзан билеттері 3 минутта сатылып кеткен, деп хабарлады 24.kz.
GGG – Канело кездесуінің ең арзан билеттері 3 минутта сатылып кеткен, деп хабарлады 24.kz.
"Осыған дейін аталған кездесудің билет бағасы белгілі болған болатын. Онда билеттердің өткен жылы қыркүйекте өткен бірінші жекпе-жек билеттерінің бағасымен бірдей екені айтылған еді", - делінген жарияланымда.
Билет бағалалары - 300 доллар (96 000 теңге), 500 доллар (160 000 теңге), 700 доллар (227 000 теңге), 800 доллар (256 000 доллар), 1 500 доллар (480 000 теңге), 2 000 доллар (640 000 теңге), 2 500 доллар (800 000 теңге) және 5 000 доллар (1 600 000 теңге).
Негізі Головкин-Альварес реваншының билеті 27 ақпанда сатылымға шығады. "Біздің айтып отырғанымыз алдын ала сатылған билеттер. Әлем көз тіккен кездесудің 300 доллар тұратын ең арзан билеттерін көрермендер үш минут ішінде сатып әкеткен. Осыған қарағанда, ұйымдастырушылар бұл жолы да билет сатудан мол пайдаға кенелетін секілді", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, алғашқы жекпе-жекте билеттерді сатудан түскен табыс 27 миллион доллар болған.