Қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 KO) арасындағы жекпе-жекті өз жерінде өткізуге тағы екі қала ниет білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 KO) арасындағы жекпе-жекті өз жерінде өткізуге тағы екі қала ниет білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы қазақстандық былғары қолғап шеберінің промоутері Том Леффлер мәлімдеді. Алғашқысы АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында орналасқан Superdome стадионы болса, екінші ниет білдіруші "Лос-Анджелес Доджерс" бейсбол клубының алаңы Dodgers Stadium спорт кешені.
"Лас-Вегас, Далластағы AT&T Stadium және Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешендерінен бөлек жекпе-жекті өткізуге Лос-Анджелестегі Dodgers Stadium және Жаңа Орлеан қаласында орналасқан Superdome стадионы ынталы екенін мәлімдеді", - дейді Леффлер.
"Маған алдымен Дубайдан, артынша Ұлыбританиядан қоңырау шалды. Бұл жекпе-жекке бүкіл әлем қызығушылық танытып отыр. Келіссөздер басталғанда бұл мәселе толықтай шешіледі", - дейді Де Ла Хойя.
Қазіргі таңда Головкин - Альварес жекпе-жегін өткізуге сегіз спорт кешенінен ұсыныс түскен. Олардың ішінде Лас-Вегастағы, Нью-Йорк қаласында орналасқан Madison Square Garden және Далластағы AT&T Stadium стадионы секілді танымал спорт кешендері бар. АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания астанасындағы "Уэмбли", Мехиконың "Ацтек" стадиондары және Біріккен Араб Әмірлігі мемлекеті бұл жекпе-жекті қабылдауға ынталы.
Айта кетейік, Головкиннің "Канелоға" қарсы жаттығу лагері шілде айының орта тұсында басталады. Ал мексикалық екі аптадан кейін жаттығуға оралуды көздеп отыр.
Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр.