Головкин - "Канело" кездесуі жылдың "үздік жекпе-жегі" атағына үміткерлер қатарына қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - "Канело" кездесуі жылдың "үздік жекпе-жегі" атағына үміткерлер қатарына қосылды © vk.com/ggolovkin

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 2018 жылғы "үздік жекпе-жек" атағына үміткер кездесулердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 2018 жылғы "үздік жекпе-жек" атағына үміткер кездесулердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Таңдау оңай болмады. Жалпы керемет жыл болды. Жылдың "үздік боксшысы" атағына Рунгвисаи, Головкин, Уайлдер және Берчельт секілді боксшылар кірді. Ал жылдың "үздік жекпе-жегіне" Головкин - Альварес, Варгас - Берчельт, Джек - Дигейл және Санта Крус - Фрэмптон II кездесулері таңдалып алынды", - деп келтіреді Сулейманның сөзін vRINGe.com порталы.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша тең нәтиже тіркелді. Осылайша отандасымыз өзіне тиесілі орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC и IBF белбеулерін сақтап қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети