Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегіне арналған ресми проморолик Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегіне арналған ресми проморолик Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Промовидеоны Vimeo.com сайтына Leigh Simons Productions продакшн-компаниясы жариялады, бұл ұйым НВО және өзге де телеарналар үшін роликтерді және бағдарламаларды дайындайды. Головкин - Альварес бірінші кездесуінің де проморолигін осы компания түсірген.
TMZ басылымының мәліметінше, промороликті түсіру кезінде Головкин мен Альварес төбелесіп қала жаздаған.
Сонымен қатар, Leigh Simons Productions компаниясының сайтында реванш проморолигінің түсірілімі кезіндегі суреттер жарияланды. Боксшылар ешбір суретке бірге тұрып түспеген.
© leighsimons.com
Еске сала кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кімнің мықты екенін анықтай алмаған еді.