Головкин - "Канело" реваншы билеттерінің қай кезде алдын ала сатылымға шығатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - "Канело" реваншы билеттерінің қай кезде алдын ала сатылымға шығатыны белгілі болды © lowkickmma.com

Головкин мен Альварес реваншы билеттерінің алдын ала сатылымы 2 шілдеде басталады, деп хабарлады Vesti.kz порталы GGG промоутері Том Леффлерге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Альварес реваншы билеттерінің алдын ала сатылымы 2 шілдеде басталады, деп хабарлады Vesti.kz порталы GGG промоутері Том Леффлерге сілтеме жасап.

Билеттер дүйсенбі күні Лас-Вегас уақыты бойынша 10.00-де немесе Астана уақытымен сағат 23.00-де сатылымға шығады.

Айта кетейік, билеттердің бағасы бірінші жекпе-жектегідей болады: 300, 500, 700, 800, 1 500, 2 500 және 5 000 доллар. 

Реванш 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді және оны ақылы жүйеде (PPV) НВО телеарнасы көрсетеді.

Еске сала кетейік, қазір GGG Қазақстанда жүр. Ол Қазақстан Президентімен кездесіп, Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйлады. Сонымен қатар, Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуге сөз берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети