Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин Канеломен жекпе-жектен кейін карьерасын аяқтай ма? Абель Санчес жауап берді 07 тамыз 2022, 18:03

Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жегі қазақстандық боксшы үшін шешуші
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©Reuters ©Reuters

Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жегі қазақстандық боксшы үшін шешуші болмақ. Мұндай пікірді GGG-дің бұрынғы бапкері Абель Санчес білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Оның айтуынша, трилогияның нәтижесі Головкин карьерасын жалғастыра ма, әлде бокстан кетуге бел буа ма, соны анықтайды.

"Менің ойымша, бұл - GGG-дің соңғы жекпе-жегі. Ол жеңіледі деп ойлағандықтан емес, ол қазірдің өзінде жасаған ісіне, өз тарихына риза деп ойлаймын. Ол Канелоны жеңуі керек. Егер Головкин жеңсе, онда ол жалғастырады. Бірақ жеңе алмаса, спорттан кетеді деп ойлаймын", - деп келтірді izquierdazo.com Санчестің сөзін.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді. Канело екінші орта салмақтағы абсолют чемпион атағын алғаш рет қорғайды, ал 40 жастағы Головкинге жаңа дивизиондағы дебюті болмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram