10 маусым 2017 | 09:07

Головкин "Канеломен" өтетін жекпе-жектегі мүмкіндіктеріне баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осыдан бірнеше жыл мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен өткен спаррингі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осыдан бірнеше жыл мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен өткен спаррингі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кейбір раундтары ғана есімде қалды. Ол маған көмектесті, мен оған көмектестім. Жай бокс, спарринг болды, бірақ ол нағыз жекпе-жек болған жоқ. Оның сол кезде жас болғаны және тез қимылдайтыны есімде қалыпты. Бірінші орта салмақтағы боксшы ретіндегі соққысы жақсы болды. Сондай-ақ, ол соңғы екі кездесуінде біраз күш пен тәжірибе жинағанын дәлелдеді", - дейді Головкин.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы спаррингтің өткеніне біраз жыл болғанын айтып өтті. "Ол қазір бұрынғыдан қарағанда тәжірибелі. Сондықтан да жекпе-жектегі мүмкіндіктерімізді 50-де 50 деп айта аламын", - деді Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, 7 маусымда Головкин Қарағандыда өзінің аты берілген спорт кешенінің ашылу салтанатында болған еді. Қазақстандағы сапары кезінде боксшы өкіл болып келетін Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Шілденің ортасында боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Big Bear базасында жаттығу лагерін бастайды. Ал 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети