WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алда өтетін реванштың қалай аяқталатынын болжады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, боксшылардың алдағы жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.
"Мен бірінші жекпе-жекте жеңіске жеттім. Мен оны тек статистикаға қарап айтып отырған жоқпын. Мен адамдардың сол кездесуді өз көзімен көргені үшін айтып отырмын. Белбеулерімді сақтап, үйге оралдым. Әлі де әлем чемпионы болып саналамын. Судьялар әділ болса екінші кездесу мен үшін ғана емес, бүкіл бокс үшін маңызды болмақ. Меніңше, ауыр жекпе-жек өтеді. Себебі біз екеуміз оңай қарсылас емеспіз. Екінші кездесу барлық дистанциядан өтпейтін сияқты", - деді Головкин сұхбатында.
"Біздің спаррингтер ол бөлек нәрсе. Ол кезде "Канело" жас, жылы шырайлы, шынайы болды. Бір-бірімізге көмектестік. Бірақ соңғы уақытта жағдай өзгерді. Меніңше, ол мұны түсініп те жүрген жоқ", - деді қазақстандық боксшы.
Сондай-ақ, сұхбат алған журналист әлеуметтік желідеге парақшасында Головкиннің Big Bear-да мексикалықпен өтетін реваншқа дайындалып жатқаны түсірілген суретті жариялады.
© instagram.com/osuna.bernardo