Головкин "Канелоны" жеңетініне сенімді

© boxingscene.com

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалы? Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) ?тетін екінші жекпе-жек туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол енді ?зін бас?аша ?стайтынын айтады. 

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші жекпе-жек туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол енді өзін басқаша ұстайтынын айтады. 

"Маған бокстағы кәсіпкерлік ұнамайды, сол үшін де мен енді жекпе-жекті сату үшін күлмеймін. Басты мақсатым - чемпиондық белбеулерімді сақтап, жеңіліссіз қалу. Мен басымдылыққа ие боламын және бұл жолы айқын көрінетін болады. Мен нокаутқа түсіруді қалаймын, бірақ әдейі емес, себебі мен былай-ақ жеңемін", - деп жазады sports.yahoo.com Головкиннің сөзін. 

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама