Орта салмақта IBF чемпиондық атағына міндетті үміткер украиналық Сергей Деревянченко өз дивизионындағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкинмен (WBA (Super), IBO және WBC) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин 16 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасады.
Деревянченконың пікірінше, бұл жекпе-жекте қазақстандық нокаутпен жеңеді. Наурызда Головкин қазылар алқасының шешімімен Дэниэл Джейкобстен басым түскен еді. Бұл жекпе-жектің қарсаңында америкалық боксшы украиналық Деревянченкомен 40 раундтан аса спарринг өткізіп, Головкиннің мәнерінде жұдырықтаса алғаны үшін алғыс айтқан еді.
"Головкинмен жұдырықтасқанынан кейін Дэннимен әңгімелеспедім, бірақ Головкинге қарсы стилім мүлдем басқа болады", - деді Феодосиядан шыққан боксшы Premier Boxing Champion компаниясының сайтына берген сұхбатында. - Дэнни әржақты дайындалған боксшы, онымен жақсы жұмыс істедім. Дивизионымда кез келген қарсыласқа дайын екенімді сеземін, GGG-мен кездессем тамаша болар еді. Оның айтуынша, қазір ол алғашқы бестікте".
"Ал өзімді, әрине, бірінші орындамын деп ойлаймын. Әзілді қойсақ, Головкин бірінші болып есептеледі. Одан кейін Альварес, Джермалл Чарло, Билли Джо Сондерс және Давид Лемье. Қысқасы, олардың барлығын жеңе ламын деп ойлаймын", - деді Деревянченко.