Головкин карьерасын аяқтау және Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин карьерасын аяқтау және Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты Фото: instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық журналистер Головкиннен карьерасын аяқтау туралы сұраған, қалай дегенмен 40 жасқа келді. Бұған жауап ретінде боксшы алдымен өз елінде бір жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Головкин Қазақстанда тек 2010 жылы бір рет қана жұдырықтасқан екен. Астанада өткен бокс кешінде ол колумбиялық Нильсон Тапияны үшінші раундта нокаутқа түсірген еді. 

Сонымен қоса, ол карьерасы пандемия басталғалы аяқталғанын, ал қазір істеу керегін ғана жасап жатқанын айтты. 

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегін мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы өткізеді. Ол 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Олар 2017 және 2018 жылдары кездескен: бірінші кездесу тепе-тең нәтижеде аяқталды, ал екіншісінде Альварес жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети