15 ақпан 2018 | 10:54

Головкин қартайды, ал "Канело" өзін мойындатқысы келеді - Сарапшы қарымта жекпе-жек жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AFP © AFP

Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпион, қазір спорт комментаторы және сарапшы Пол Малиньяджи қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпион, қазір спорт комментаторы және сарапшы Пол Малиньяджи қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты.

Оның айтуынша, Головкин бұл жекпе-жекте фаворит, алайда, жасына байланысты алғашқы кездесудегідей жақсы жұдырықтаса алмауы мүмкін.

"Меніңше, Головкин алғашқы жекпе-жекте жеңді және бұл анық көрінді. Көп дау тудырған тамаша жекпе-жек болды. Мұны ескерсек, қарымта кездесуді өткізу қажеттілігі өзінен-өзі көрініп тұр. Қазір Головкиннің жасы сондай - жарты жыл сайын ол қартайып отырады, ал "Канело" жас, жыл артқан сайын күшейе бермек. Көрейік, қызық болады. Екеуі де бір-біріне қауіпті екенін көрсетті. Оның үстіне Головкин жүйелі әрекет етті, сондықтан әзірге басымдығы бар. "Канело" жеңіске жетсе, оны барлығы мойындайды. "Канелоға" өзін дәлелдейтін кез келді. Өйткені Головкин алғашқы жекпе-жекте жеңді, алайда, одан жеңісті алып қойды", - дейді Малиньяджи BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте Головкин мен Альварес алғаш рет жұдырықтасқан болатын. 12 раундқа созылған бұл кездесу тең аяқталған.

Боксшылар арасында қарымта кездесу 5 мамырға белгіленген, алайда, әзірге өткізілетін орын таңдалған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети