WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин UCN интернет-арнасының "10 Count" бағдарламасына қонақ болды. Бұл сұхбатында 33 жастағы қазақстандық өзінің америкалық Андре Уордпен кездесуі бокс үшін номері бірінші жекпе-жек болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Аllboxing.ru.

"Бұл керемет кездесу. Меніңше, бір жыл бұрын бұл жекпе-жек Мэнни мен Флойдтың кездесуінен бір саты төмен бағаланар еді, алайда қазір бұл кездесу бокс үшін номері бірінші жекпе-жек. Бизнес немесе ақша жүзінде емес, бокс үшін. Маған олд-скул ұнайды, кімнің мықты екенін анықтау. Менің оның жағдайы түсінемін. Оның қызығушылығы ашылуы үшін уақыт керек, ол көп уақыт бойы жұдырықтаспады. Мен болсам ертең де онымен кездесуге дайынмын", - деді чемпион.
Сонымен қатар, Головкин Уордпен кездесу үшін салмақ дәрежесіндегі тиімді талапты айтты. Оның пікірінше, егер Уорд 168 фунтта, өзі 160 фунтта, осының дәл ортасындағы салмақта кездесу екі жаққа да тиімді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.