15 тамыз 2014 | 10:40

Головкин келесі жекпе-жегін қазан айында өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы  WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы  Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін қазан айында өткізеді. 


Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы  WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы  Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін қазан айында өткізеді. 

Бұл туралы спорт журналисі және комментатор Григорий Стангрит өзінің Туиттер әлеуметтік парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 18 қазан күні өткізеді", - деп жазған ол. Айта кетейік, бұл 32 жастағы Головкин үшін 2014 жылға жоспарлаған үшінші жекпе-жегі болмақ. Бірақ, қазақстандық боксшының қарсыласы әлі де анықталған жоқ. 

Өткен аптада отандасымыз австралиялық боксшы Сэм Солиманмен жұдырықтасып қалу мүмкін деген хабар тарады. Дегенмен 40 жастағы былғары қолғап шебері бұл жекпе-жектен бас тартып, өзінің IBO тұжырымдарындағы чемпиондық атағын Головкинге қарсы емес, америкалық Джермейн Тейлорға қарсы өтетін кездесуде қорғайтыны белгілі болды. 

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 27 шілде күні өткізіп, австралиялық экс-әлем чемпион Дэниэл Гилді жеңген болатын. Жерлесіміз Гилді үшінші раундта сұлатып түсірді. Головкиннің Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткен жұдырықтасуын 8572 көрермен тамашалады. HBО арнасы осы кездесуді тікелей эфирден көрсетті. Енді Головкин алдағы уақытта австралиялық Сэм Солиманнан өзге мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес, пуэрторикалық Мигель Анхель Котто, Питер Куиллин (АҚШ) және кіші Флойд Мейвезер (АҚШ) сынды былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети