23 сәуір 2019 | 09:13

Головкин келесі жекпе-жегін неге жаңа салмақта өткізетінін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото: boxingscene.com Геннадий Головкин. Фото: boxingscene.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін неге жаңа салмақта өткізетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін неге жаңа салмақта өткізетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

GGG 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс. Кездесу өзара келісім бойынша 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл Головкин өнер көрсеткен орта салмақтың лимитінен төрт фунтқа көп. 

"Неге 164 фунт? Өзімді осы салмақта байқап көргім келді. Бірақ мен үшін ол аса қиын болмады. Қарсыласыма да 160 фунт қолайсыз болар еді, себебі ол 168 фунтта жұдырықтасып үйренген. Оған қолайсыз болғанын қаламадым", - деді Головкин баспасөз мәслихатында. 

Головкин үшін бұл DAZN стриминг сервисімен үшжылдық келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Былтыр қыркүйекте қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған еді. Оның алдында боксшылар тең түскен болатын. 

Егер Головкин Роллсты жеңіп жатса, 2019 жылы қыркүйекте Альвареспен үшінші рет кездесуі мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети