Головкин келесі жекпе-жегінде екі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

18 Қыркүйек, 09:39
0
Головкин келесі жекпе-жегінде екі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады -

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жекте бос тұрған IBF титулымен бірге тағы бір чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алдағы жекпе-жекте IBO белбеуі де сарапқа салынады. Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымы ресми сайтында жариялады.

Орта салмақта IBO белбеуін соңғы рет иеленген Головкиннің өзі болатын, бұл титулды ол 2011 мен 2018 жыл аралығында таққан. Ал IBF белбеуін қазақстандық боксшы 2015-тен 2018-ге дейін иеленді. Сонымен бірге, GGG 2010 бен 2018 жыл аралығы WBA, ал 2016-дан 2018 жылға дейін WBC чемпионы болған.

IBO белбеуі кәсіпқой бокстағы беделдігі жағынан бесінші орында. Мәселен, абсолют чемпион атану үшін WBC, WBA (Super), WBO және IBF титулдары жеткілікті.

Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты шоуы болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай