Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегінің күнін белгіледі. Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) мен оның ESPN журналындағы әріптесі Дэн Рафаэль мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, GGG мен польшалық міндетті Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек 28 наурызда поляктардың ең үлкен диаспорасы шоғырланған Чикагоға өтеді деп белгіленді. Ал кездесу өтетін ең ықтимал арена ретінде он мың адам сиятын Wintrust Arena аталып отыр.
Головкин келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады
Мұның алдында жекпе-жектің мән-жайы келісілгені хабарланған еді, алайда әзірге келісімшарт бекітілген жоқ.
Айта кетейік, Головкин де, Шеремета да соңғы рет қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Поляк андеркартта мексикалық Оскар Кортесті (27-5, 14 КО) нокаутқа түсірді, ал қазақстандық төрешілер шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп, екі белбеуді қанжығасына байлады.