Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуге жақын, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Польшалық Super Express басылымының мәліметінше, таяуда екі тарап кездесудің қаржылық шарттарын келіскен. Шеремета бұл жекпе-жекте карьерасындағы ең үлкен гонорар алады.
Салық, промоутердің үлесі мен басқа да шығындарды алып тастағанда польшалық боксшыға Головкинмен жекпе-жек үшін миллионнан аса злотый (235 мың еуро) беріледі.
Кездесу ақпанда не наурыздың басында Чикагода өтеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін Головкин Чикагодағы Wintrust Arena-ны брондап қойғаны хабарланған.
Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF титулын иеленгеннен кейін белбеуін алғаш рет қорғайды.
Сол кештің андеркартында Шеремета да жұдырықтасқан. Поляк мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутпен жеңіп, IBF титулына үміткер болған еді.