Головкин келесі қарсыласымен гонорар бойынша келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин келесі қарсыласымен гонорар бойынша келісті © Jose Miranda/Frontproof Media

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуге жақын, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуге жақын, - деп хабарлайды Vesti.kz

Польшалық Super Express басылымының мәліметінше, таяуда екі тарап кездесудің қаржылық шарттарын келіскен. Шеремета бұл жекпе-жекте карьерасындағы ең үлкен гонорар алады. 

Салық, промоутердің үлесі мен басқа да шығындарды алып тастағанда польшалық боксшыға Головкинмен жекпе-жек үшін миллионнан аса злотый (235 мың еуро) беріледі. 

Кездесу ақпанда не наурыздың басында Чикагода өтеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін Головкин Чикагодағы Wintrust Arena-ны брондап қойғаны хабарланған.

Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF титулын иеленгеннен кейін белбеуін алғаш рет қорғайды. 

Сол кештің андеркартында Шеремета да жұдырықтасқан. Поляк мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутпен жеңіп, IBF титулына үміткер болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети