Головкин келесі жекпе-жегін қайда өткізуі мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин келесі жекпе-жегін қайда өткізуі мүмкін? Геннадий Головкин. © DAZN

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) рингке 2020 жылы көктемде оралады. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутерлерінің бірі Эдди Хирн (Mathroom Boxing) мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) рингке 2020 жылы көктемде оралады. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутерлерінің бірі Эдди Хирн (Mathroom Boxing) мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин Чикагодағы он мыңнан аса көрермен сиятын Wintrust аренасын 29 ақпанға алып қойған. Ал қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болуы мүмкін.

"Чикагодағы жанкүйерлер алдында Головкиннің абыройы бар. Егер ол міндетті қарсылас - Камил Шереметамен жұдырықтасса, жекпе-жекті Чикагода өткізген жөн. Мұнда польшалықтар көп.

Әзірге Шереметамен жекпе-жек туралы нақты айту ерте, бірақ бұл мүмкіндікті қарастырып жатырмыз. Осылай істеу керек болатын шығар. Бос болған белбеуді жеңіп алғанда саған міндетті қарсылас белгіленеді. IBF әзірге олай етпеді, алайда, олармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Шеремета белбеудің қайтадан бос болуына қол жеткізгісі келетінін білеміз", - деп келтіреді Хирннің сөзін Boxingnews24.com.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети