Головкин кешікті, енді жекпе-жекті Карл Фрочпен өткізсін - Андре Уорд

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин кешікті, енді жекпе-жекті Карл Фрочпен өткізсін - Андре Уорд © Vesti.kz

Екінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Андре Уорд ұлыбританиялық Карл Фрочтың қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы айтқан сөзіне жауап қайтарды, - деп жазады Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Андре Уорд ұлыбританиялық Карл Фрочтың қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы айтқан сөзіне жауап қайтарды, - деп жазады Vesti.kz

Карл Фроч қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізбейтінін айтып, Уордпен жекпе-жек өткізуге кеңес берген болатын. Бұл ұсынысқа қатысты Уордтың өз пікірі бар екен.

"Мен Карл Фрочты Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгенін көргім келеді. Мен оның зейнеттен қайтып келуі мүмкіндігін естідім, - дейді Уорд Sky Sports басылымына берген сүұхбатында. "Ал менің Головкинмен жекпе-жекке шығар уақытым өтіп кетті. Сондықтан мен салмақ бойынша басқа деңгейге өттім. Мен онымен кездесу өткізуге барымды салдым, дегенмен, өкінішке қарай, жекпе-жек болмады. Бұл керемет жекпе-жек болар еді деген ойдамын".

Ал Головкинның өзі Фрочты көп сөйлейтін және ештеме істемейтін сайқымазақ деп атады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети