Қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) қолайсыз ауа райына қарамастан, америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) қолайсыз ауа райына қарамастан, америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Басылымның мәліметінше, Калифорниядағы Big Bear-да қатты қар жауған. Алайда GGG мұндай ауа райына қарамастан, жүгіруден бас тартпады.
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.