Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой рингте 13-жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой рингте 13-жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Месе қаласында өткен жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBC жастар чемпионы белбеуінің иегері 23 жастағы Ахмедов 27 жастағы мексикалық Джовани Хавьер Гомеспен жұдырықтасты.
Кездесу сегіз раундқа созылуы тиіс еді, алайда бірінші раундта-ақ аяқталды. Ахмедов қарсыласының бауырына соққы жұмсағаннан кейін қарсыласы жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.
Ахмедовтің жекпе-жегі 01:27:00
Осылайша қазақстандық боксшы жартылай ауыр салмақта NABF Junior титулын жеңіп алды. 13 жекпе-жек өткізген Ахмедов барлығында да жеңіске жетті, оның он кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. 17 рет жеңіске жеткен Гомес болса, 15-ші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясының атынан өнер көрсетеді. Ол Абель Санчестің Big Bear лагерінде жаттығады.