Головкин Коттоға шегінуге жол қалдырмады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Коттоға шегінуге жол қалдырмады - БАҚ © GETTY IMAGES

Геннадий Головкин Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттоға шегінуге жол қалдырмады. Бұл туралы Thaboxingvoice.com порталының авторы Раян О'хар айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттоға шегінуге жол қалдырмады. Бұл туралы Thaboxingvoice.com порталының авторы Раян О'хар айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, Котто өзі иелік ететін чемпиондық белбеуді сақтау үшін Головкинмен кездесуден қашып, қараша айында мексикалық Сауль Альвареспен кездесуді жоспарлап отыр.

Раян О'хардың айтуынша, Котто Альваресті жеңгеннен кейін де Головкинмен кездесуден қашқақтап, түрлі сылтау айтады. "Ол қазақстандық боксшының төменгі салмақ дәрежесіне өтуін талап етуі мүмкін. Мәселе осында, GGG мұнымен айналысуды бастап кетті", - деді ол. 

"Коттоға кейін шегінуге жол жоқ. Головкинмен кездесуден бас тартса ол чемпиондық титулынан айырылады, яғни оның абыройы қалмайды. Қалай болса да Головкин жақын арада орта салмақта абсолютті чемпион атанады", - деді Раян О'хар.

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін алдағы қыркүйекте өткізуді жоспарлап отыр. Дегенмен, қазақстандықтың промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкинге қарсылас табу уақыт алуы мүмкін. Үміткерлердің тізімінде ондаған адам бар, бірақ нақты кіммен кездесетіні анықталған жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети