Геннадий Головкин Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттоға шегінуге жол қалдырмады. Бұл туралы Thaboxingvoice.com порталының авторы Раян О'хар айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Геннадий Головкин Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттоға шегінуге жол қалдырмады. Бұл туралы Thaboxingvoice.com порталының авторы Раян О'хар айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Басылымның мәліметінше, Котто өзі иелік ететін чемпиондық белбеуді сақтау үшін Головкинмен кездесуден қашып, қараша айында мексикалық Сауль Альвареспен кездесуді жоспарлап отыр.
Раян О'хардың айтуынша, Котто Альваресті жеңгеннен кейін де Головкинмен кездесуден қашқақтап, түрлі сылтау айтады. "Ол қазақстандық боксшының төменгі салмақ дәрежесіне өтуін талап етуі мүмкін. Мәселе осында, GGG мұнымен айналысуды бастап кетті", - деді ол.
"Коттоға кейін шегінуге жол жоқ. Головкинмен кездесуден бас тартса ол чемпиондық титулынан айырылады, яғни оның абыройы қалмайды. Қалай болса да Головкин жақын арада орта салмақта абсолютті чемпион атанады", - деді Раян О'хар.
Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін алдағы қыркүйекте өткізуді жоспарлап отыр. Дегенмен, қазақстандықтың промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкинге қарсылас табу уақыт алуы мүмкін. Үміткерлердің тізімінде ондаған адам бар, бірақ нақты кіммен кездесетіні анықталған жоқ.