Головкин - Лемье мен Котто - Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздары рингте кездеседі - Леффлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Лемье мен Котто - Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздары рингте кездеседі - Леффлер © Boxnews.com.ua

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкин-Лемье және Котто-Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздары рингте кездесетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкин-Лемье және Котто-Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздары рингте кездесетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"WBC Котто - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Головкин - Лемье кездесуінде жеңіске жеткен адаммен кездеседі деп шешті", - деді Леффлер.

WBC президенті Маурисио Сулейман бұған дейін де орта салмақта WBC чемпионы Мигель Котто мен мексикалық Альварес келесі кездесуін WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуі керек екенін хабарлаған еді. Ол кезде Лемье туралы әңгіме болған жоқ.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети