WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин 17 қазанда канадалық Давид Лемьеге қарсы өтетін жекпе-жегінің алдында күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен үшін бұл өте маңызды жекпе-жек, мен тіпті үркіп тұрмын. Ия, аздап үркіп тұрмын. Мен жынданған адам емес, қарапайым жігітпін. Мүмкін бір пайыз болса да жынданған шығармын, себебі бұл ойын емес, спорт. Бұл мені алаңдатады. Неге қорықпасқа?", - деді Геннадий Головкин баспасөз мәслихаттарының бірінде.
Лемье баспасөз мәслихаты кезінде барынша сабырлылық танытуға тырысты.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.