05 қазан 2017 | 14:31

Головкин мамырға дейін жекпе-жекке шықпайды - Том Леффлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© prnewswire.com © prnewswire.com

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекке дейін басқа кездесулер өткізбеуге келісім беріп отыр. Алайда, оның айтуынша, кейбір шарттар орындалуы тиіс, - деп хабарлайды BoxingScene.com.


Иконка комментария блок соц сети

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекке дейін басқа кездесулер өткізбеуге келісім беріп отыр. Алайда, оның айтуынша, кейбір шарттар орындалуы тиіс, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

"Негізінде бізге әлі осы кездесуді ұйымдастыруда біраз нәрсені шешіп алу қажет - себебі олардың шаршы алаңға шығып жұдырықтасатынына нақты кепіл жоқ. Бірақ мен жақсылықты сезіп тұрмын. Golden Boy компаниясы да осыны істегісі келеді, НВО арнасыда, фанаттар да реванштық кездесуді көргісі келеді.

Менің бар естігенім, Альварес мамырға дейін жұдырықтаспайтынын айтыпты. Головкин кейбір талаптардан қайтты - ол мамырға дейін ешкіммен жұдырықтаспауға келісімін берді, бірақ жоспарда биыл тағы бір жекпе-жек өткізу ойда бар еді. Бірақ бұл жекпе-жектің ұйымдастырылатынына кепілдік берген жағдайда ғана.Қазіргі уақытта біздің тарап барлығына дайын", - деді Леффлер

Головкин - Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 2018 жылы мамырда өтеді деп айтылып жүр. Еске салайық, Бакуда өтіп жатқан конвенцияда WBC президенті Маурисио Сулейман Головкин - Альварес жекпе-жегіне реванш өткізуге санкция берді, ол екі жақтың өкілдеріне шарттарын тезірек рәсімдеуге шақырды. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік бокс кеңесі де (IBF) осы жекпе-жекке келісім берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети